Ресей қорғаныс министрлігі Покровскінің оңтүстік-шығысындағы елді мекендерді украиндардан "тазартқанын", оларды қоршап алғанын хабарлады. Ал украин әскері құрсауда қалғанын жоққа шығарды. Олар Ресей әскерінің бекініс орнатуына жол бермеуге тырысып жатқанын айтты.
Украина жерінде кескілескен шайқас жалғасып жатыр. Ресей тарабы Донецк бағытындағы аймақты алу қалу үшін барын салды. Ресей президенті «халықтар бірлігі күнін» діни конфиссиялар басшыларымен бірге атап өтіп, "Орешник" зымырандарының сериялық өндірісін бастағанын мәлімдеді.
Ресейдің бірнеше қаласында мұнай өңдеу зауыттары өртке оранды. Ресей Покровскіні толық басып алуы мүмкін дейді сарапшылар. Ал Қытай президенті Си Цзиньпин Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесіп, Мәскеумен ынтымақтастықты күшейтуге мүдделі екенін айтты.
Ресей Украинаның Покровск қаласының 80 пайыздайын басып алды. Ал Украина президенті Еуропадан «Пэтриот» кешендерін алып, қорғанысты нығайта түскенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға «Томогавк» қанатты зымыранын беруді әлі қарастырмайтынын айтты.
31 қазан Ресей мен Украина соғысының 1346-күні. Тараптар кейінгі тәулікте де бір-бірін дронмен атқылап, шабуылдады. Орыс әскерінің Сумыға бағыттаған соққысынан тұрғын үйлер бүлініп, бірнеше нысан отқа оранды.
Украина мен Ресей бір-бірін атқылауды жалғастырып жатыр. 29 қазанда таңертең орыс әскерінің кезекті жойқын шабуылынан Херсон облысында балалар ауруханасының күл-талқаны шықты. Жергілікті биліктің хабарлауынша, кемі 7 адам зардап шеккен. Оның үшеуі бала.
Ресей «Буревестник» қанатты зымыранын сәтті сынақтан өткіздік деп мәлімдеді. Президент Владимир Путин алыс қашықтыққа ататын әрі ядролық қондырғысы бар қуатты қарудың санатын анықтап, оны орналастыру үшін инфрақұрылымды әзірлеуді тапсырды. Вашингтон Мәскеудің мәлімдемесіне бірден реакция білдірді.
Еуроодақ алдағы екі жылда Украинаның әскери қажеттілігіне қаржы бөлуге уәде берді. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ санкциясын "достық әрекетке жатпайды" деп атады. Ресейдің жойғыщ ұшақтары Литваның әуе кеңістігіне кірді.
Тағы