Белгородқа жасалған дрон шабуылынан 20 мың тұрғын жарықсыз қалды

Белгород

Украинамен шекарада орналасқан Ресейдің Белгород қаласы мен Белгород облысына шабуыл жасалып, 20 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды деп хабарлады аймақ басшысы Вячеслав Гладков.

Дрон бөлшектері бірнеше гаражға құлағаннан кейін өрт шыққан. Алдын ала ақпарат бойынша, ешкім зардап шекпеген.

SHOT телеарнасы қаланың дүркіндете ататын жүйемен атқыланғанын хабарлады. Дрон бөлшектері жергілікті жылу электр станциясына да түскен. Соның салдарынан Белгородтың бірнеше ауданында және Дубовое ауылында электр қуаты өшкен.

Украина соңғы шабуылға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кіргелі бері соғыс жалғасып жатыр.