Павлодар облысында автобус аударылып, бір адам қаза болды, алты адам жарақаттанды. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті хабарлады.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 7 қарашада "Павлодар–Қызылорда" автожолында Шідерті кентінен 10 км жерде болған. Автобус жол жиегіне аударылған.
"Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тергеді, оның салдарынан бір жолаушы көз жұмып, тағы алты адам түрлі дене жарақаттарын алды" деп жазылған ресми хабарламада.
Тергеу амалдары басталған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатқаны хабарланды.
7 қарашада кешкі сағат 8-ден бастап Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың тайғақтығы) барлық бағыт бойынша көлік қозғалысы жабылған еді.