"Лагерьлердегі сұмдық жалғасып жатыр". Мұғалімнің Қытайда көргені

Your browser doesn’t support HTML5

55 жастағы мұғалім Қалбынұр Сыдық қазір Гаага қаласында тұрады. Оның ұлты — өзбек. Әйел Қытайдың Шыңжаң аймағында туып, сонда жұмыс істеген. Жастайынан мұсылман балаларға қытай тілін үйреткен, кейін «қайта тәрбиелеу лагері» деп аталатын мекемеге жұмысқа жіберілген.