Accessibility links

Қостанай облысында түлкі тұрғынға тап берген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қостанай облысында Жітіқара қаласында жергілікті кәсіпорын жұмысшыларының біріне түлкі тап берген. Тұрғын оны телефонға түсіруге тырысқан. Оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қызыл түлкінің тұрғынның аяғынан жұлқылағаны көрінеді. Ол темір қоршауға шыққан кезде түлкі де соған шығып, тұрғынның аяғынан жабысуға тырысады.

Жергілікті прокуратура өкілдерінің айтуынша, ол адам қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Оқиға 22 қазанда болған.

"Оқиғаның нәтижесінде зардап шеккен адам профилактикалық тексерістен өту үшін Жітіқара аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жүгінді. Медицина қызметкерлері тексеріп, тиісті көмекті берді, екпе салды" деді прокуратура өкілдері.

Қалада жұмыс тобы құрылған. Оған жергілікті билік өкілдері, прокуратура, полиция, ветеринарлық қызмет мен жергілікті аңшылар қауымдастығының қызметкерлері кірген. Түлкілердің жүргені туралы шағым қабылдайтын 109 желісі істеп жатқаны айтылды. Жітіқара бойынша тұрғындардан жабайы аң кездестіргені туралы барлығы төрт қоңырау түскен.

XS
SM
MD
LG