Наурыздың 28-інде Ресейдің Кемерово қаласында осыдан үш күн бұрын "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен қаза болған 13 адамды жерледі деп хабарлады ақпарат агенттіктері.
Ресми ақпарат бойынша, өрт салдарынан барлығы 64 адам (41 бала) ажал құшқан.
Кемеровода өрт құрбандарын жерледі
1
Туыстарының айтуынша, өрттен қаза болғандар арасында 41 бала бар
2
Қаралы рәсімдер қаладағы шіркеулер мен төрт зиратта өткізілді
3
Сейсенбі күні құтқарушылар өрт болған жердегі іздеу-құтқару жұмыстарын аяқтаған. Өртеніп кеткен ғимараттан 64 адамның сүйегі табылды деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрі орынбасары Владлен Аксенов
4
Наурыздың 25-і, жексенбі күні "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз
5
Өртте құрбандарын ақтық сапарға шығару рәсімі
6
Өрт құрбандарымен қоштасуға келгендердің көбі жылады
7
"Зимняя вишняя" сауда орталығындағы өртте қаза болған 10 жасар Мария Агаркованы туыстары жоқтап жатыр
8
Зират басындағы қоштасу
9
Жақын адамын қара жер қойнауына тапсырар алдында марқұммен қоштасып жатқан адамдар