Қазақстанда 2015 жылы кезектен тыс президент сайлауын өткізу ұсынысы талқыланып жатыр. Бұл бастама Facebook әлеуметтік желісінде әртүрлі демотиваторларға тақырып болды.
Сайлау туралы демотиваторлар
1
"2015 жылдың үздік шоуы" атты демотиватор суретте бұған дейінгі президент сайлауларында кандидат болған адамдардың кейбірі бейнеленген.
2
Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов бейнеленген суретте "Сайлау демократияны болдырмайды, девальвацияны кейінге қалдырады" деп жазылған.
3
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген суретте "Нұр Отанды" кім басқарады?" деген сауал тұр.
4
Бұл демотиваторда 2015 жылы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысты алғаш айтқан адам - Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков бейнеленген.
5
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Референдум" мен "Сайлаудың" бірін таңдауды ұсынып тұрған адамның қолы.
6
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген бұл суретте алдын-ала белгіленген бюллетень тұр.
7
Бұл суреттегі жазуды "Бәрің - сайлауға" деп те, "Бәрі - ұры" деп те оқуға болады.
8
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейінгі сайлауларда аса көп дауыс алғанын мысқылдаған демотиватор.