Қырғызстан парламенті – Жогорку кенеш 2016 жылғы 13 сәуірде Сооронбай Жээнбековті елдің премьер-министрі қызметіне бекітті. Бұған дейін он бір ай бойы үкіметті басқарған Темір Сариев тендерге қатысты жанжалдан соң 11 сәуірде отставкаға кеткен.
Қырғызстан премьер-министрлері
1
Насирдин Исанов - 1991 жылдың 21 қаңтарынан 1991 жылғы 29 қарашаға дейін үкіметті басқарды.
2
Андрей Иордан - 1991 жылғы 29 қарашадан 1992 жылғы 10 ақпанға дейін премьер-министр міндетін атқарды.
3
Турсунбек Чынгышев - 1992 жылғы 10 ақпаннан 1993 жылғы 13 желтоқсанға дейін премьер-министр болды.
4
Алманбет Матубраимов - 1993 жылғы желтоқсанның 13-інен 14-іне дейін премьер-министр міндетін атқарған.
5
Апас Жумагулов - 1993 жылғы 14 желтоқсаннан 1998 жылғы 14 наурызға дейін премьер-министр болып істеді.
6
Кубанычбек Жумалиев - 1998 жылғы 14 наурыздан 1998 жылғы 23 желтоқсанға дейін үкіметті басқарды.
7
Борис Силаев - 1998 жылғы желтоқсанның 23-інен 25-іне дейін және 1999 жылғы сәуірдің 4-нен 12-не дейін премьер-министр міндетін атқарған.
8
Жұмабек Ибраимов - 1998 жылғы 25 желтоқсаннан 1999 жылғы 4 сәуірге дейін үкімет жетекшісі қызметін атқарды.
9
Амангелді Муралиев - 1999 жылғы 12 сәуірден 2000 жылғы 21 желтоқсанға дейін үкіметті басқарды.
10
Құрманбек Бакиев - 2000 жылғы 21 желтоқсаннан 2002 жылғы 22 мамырға дейін премьер-министр болып істеген.
11
Николай Танаев - 2002 жылғы 22 мамырдан 2005 жылғы 25 наурызға дейін премьер-министр қызметін атқарған.
13
Медетбек Керімкулов - 2005 жылғы 20 маусымнан 2005 жылғы 10 шілдеге дейін премьер-министр міндетін атқарған.
14
Феликс Кулов - 2005 жылғы 15 тамыздан 2007 жылғы 29 қаңтарға дейін үкімет жетекшісі болып істеді.
15
Азим Исабеков - 2007 жылғы 29 қаңтардан 2007 жылғы 29 наурызға дейін үкіметті басқарған.
16
Алмазбек Атамбаев - 2007 жылғы 29 наурыздан 2007 жылғы 28 қарашаға дейін премьер-министр болды.
17
Искендербек Айдаралиев - 2007 жылғы 28 қарашадан 2007 жылғы 24 желтоқсанға дейін премьер-министр міндетін атқарды.
18
Игорь Чудинов - 2007 жылғы 24 желтоқсаннан 2009 жылғы 21 желтоқсанға дейін премьер-министр болып істеген.
19
Данияр Үсенов - 2009 жылғы 21 желтоқсаннан 2010 жылғы 7 сәуірге дейін премьер-министр болған.
20
Роза Отунбаева - 2010 жылғы 7 сәуірден 17 желтоқсанға дейін премьер-министр міндетін атқарды.
21
Алмазбек Атамбаев - 2010 жылғы 17 желтоқсаннан 2011 жылғы 1 желтоқсанға дейін үкіметті басқарған.
22
Омурбек Бабанов - 2011 жылғы 23 қыркүйектен 2011 жылғы 14 қарашаға дейін премьер-министр міндетін атқарған, 2011 жылғы 1 желтоқсаннан 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел үкіметін басқарған.
23
Аалы Қарашев - 2012 жылғы қыркүйектің 1-інен 5-іне дейін премьер-министр міндетін атқарған.
24
Жанторо Сатыбалдиев - 2012 жылғы 5 қыркүйектен 2014 жылғы 25 наурызға дейін үкімет жетекшісі болып істеді.
25
Жоомарт Оторбаев - 2014 жылғы 25 наурыздан 2015 жылғы 1 мамырға дейін үкіметті басқарды.
26
Темір Сариев - 2015 жылғы 1 мамырдан 2016 жылғы 11 сәуірге дейін премьер-министр болып істеді.