Accessibility links

AFP: Тұтқынға түскен Киевтегі солтүстіккореялықтар өздерін Оңтүстік Кореяға тапсыруды сұрады


Украина күштері тұтқынға түсірген Солтүстік Корея сарбаздарының бірі.
Украина күштері тұтқынға түсірген Солтүстік Корея сарбаздарының бірі.

Украина күштеріне тұтқынға түскен Солтүстік Кореяның екі азаматы өздерін Оңтүстік Кореяға тапсыруды сұрады. Бұл жөнінде Оңтүстік Кореядағы құқық қорғау ұйымына сүйенген AFP агенттігі жазды. Мұндай өтініш Gyeore-eol Nation United ұйымының құқық қорғаушылары түсіріп жатқан деректі фильмге сұхбат алу кезінде айтылған. Әңгіме 28 қазанда Киевте жазылған.

Ресей жағында соғысып, биыл жыл басында тұтқынға түскен Солтүстік Кореяның екі сарбазы содан бері Украинада қамауда отыр.

Ақпан айында Оңтүстік Корея парламенті депутаттарының бірі оларға жолыққан кезде тұтқындардың бірі өзін Оңтүстік Кореяға жіберуді сұраған.

Оңтүстік Корея барлау қызметінің дерегінше, солтүстіккореялықтарға тұтқынға түспес үшін әдетте оларға алдын ала өздеріне қол салу туралы бұйрық беріледі.

  • 2025 жылы қаңтар айында Киев Курск облысында екі солтүстіккореялық сарбазды тұтқынға түсіргенін мәлімдеген. Оларды тергеген кезде бірі Ресейге оқуға келгенін айтқан.
  • Батыс барлаушыларының мәліметінше, Ресейге шамамен 10 мың солтүстіккореялық сарбаз келген болуы мүмкін. Курск облысындағы шайқастарға солтүстіккореялықтар қатысқанын Оңтүстік Кореяның барлау қызметі де растаған. Барлау қызметінің мәліметінше, Укриаинада шамамен 2 мың солтүстіккореялық қаза болған.
  • Мәскеу мен Пхеньян ақпаратты растаған жоқ және үзілді-кесілді жоққа шығарған да жоқ.
XS
SM
MD
LG